RU

"Үйіміздей ұстайық": Шыңғыс Мұқан шымкенттік жастармен көше тазалап шықты

шымкенттік жастар
Фото: www.facebook.com/mukan.shynggys

Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шығыс Мұқан жастармен бірге қаладағы Бәйдібек би басына жиналып, "EcoSana" қозғалысын қолға алды. Еріктілер табиғатты таза ұстаға серттесіп, бірнеше көшені тазалап шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Әйтеновтің орынбасары өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оның жазуынша, халықтың экологиялық санасын қалыптастыруды көздейтін қозғалысқа кез келген адам қатыса алады.

"Жол жиегінде жатқан сынған шиша, мыжырайған пластик бөтелке мен желге ұшқан селдір пакет, темекі тұқылын қол жеткен жерге дейін тазалап шықтық.

EcoSana-ның басты мақсаты тазалау емес, ластамау. Ластамасақ, тазалаудың да қажеті жоқ. Қала тұрғындарын жол-жөнекей қоқыс тастамауын сұраймыз.

Келесі сенбіде де бір жерге жиналып, қаланың қоқысы көп аумақтарын тазалаймыз. Алдын ала хабарлаймыз.

Жиналған қоқыс таразыға тартылып, апта сайын және ай сайын жеңімпаздарды марапаттап отырамыз. Бүгінгі тазалықта, алдын ала ақпарат бойынша, Медицина колледжінің командасы жеңіске жетті", - деп жазды Шыңғыс Мұқан өзі бөліскен видео анықтамасына.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның білім саласындағы парақорлық пен өзге де кемшін тұстарды сөз еткені туралы жазған болатынбыз.

Бұл туралы мегаполис басшысының орынбасары Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, Шымкентке келгелі бері мектепке орналастырып беруін сұрап, біраз адам хабарласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877650-jimizdej-stajyk-sygys-mkan-symkenttik-zastarmen-kse-tazalap-sykty.html