Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылар тасымалы: 6 қазаннан бастап елімізде карантин талаптары күшейеді

Опубликовано:

жолаушылар тасымалы
Көрнекі фото: ult.kz

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі.

Жаңа қаулының тәртібі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 6 қазаннан бастап Қазақстанға шетелден келетін жолаушылардан ПТР анықтамасы талап етілетіні туралы хабарлаған едік. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді.

Жолаушыларда Қазақстан шекарасынан өтетін сәтке дейінгі үш тәуліктік мерзімі бар ПТР анықтамасы болуы қажет.

Халықаралық рейспен келген Қазақстан азаматтарына келсек, тиісті мерзімі көрсетілген анықтамасы жоқ жолаушылар ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өту үшін екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877654-zolausylar-tasymaly-6-kazannan-bastap-elimizde-karantin-talaptary-ksejedi/

pixel