Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте 71 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер жарияланды. Өткен тәулікте тағы 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 3 қазанындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 71 жағдай тіркелді.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласында - 14397(+1),

Нұр-Сұлтан қаласында - 14126(+14),

Атырау облысында - 11101(+3),

Қарағанды облысында - 10295(+9),

Шығыс Қазақстан облысында - 8805 (+18),

Батыс Қазақстан облысында - 6868(+1),

Шымкент қаласында - 5191(+1),

Алматы облысында - 4981(+4),

Жамбыл облысында - 4128(+1),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4134(+9),

Павлодар облысында - 3943(+3),

Қостанай облысында - 3496(+2),

Ақмола облысында - 3496(+4),

Түркістан облысында - 3379(+0),

Маңғыстау облысында - 3341(+1),

Ақтөбе облысында - 3252(+0),

Қызылорда облысында - 3244(+0).

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 177 жетті.

Еске салсақ, 6 қазаннан бастап Қазақстанға шетелден келетін жолаушылардан ПТР анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді.

Оған қоса, ауадағы ылғалдың булану жылдамдығы – коронавирустың таралуына себеп болған негізгі жағдайлардың бірі. Инфекция әдісін модельдеген ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877663-kazakstanda-tken-tulikte-71-adam-koronavirus-zktyrgan/

pixel