RU

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Nicolo Filippo Rosso/Bloomberg via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болған өлім-жітім туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте КВИ диагнозы қойылған 3 қазақстандық қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

3 қазанда тағы 193 қазақстандыққа коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылғаны хабарланды. Ұқсас диагнозбен 60 науқас сауығып шыққан. 3 қазанда республикада коронавирус белгілері бар пневмониядан өлім тіркелген жоқ. 1 тамыздан бастап 33,5 мың адамға пневмония диагнозы қойылды, осы уақытқа дейін 27,4 мың қазақстандық ауруды еңсере алды. Ауру 358 адамның өмірін қиды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Министрлік 3 қазанда бұрын коронавирус диагнозы қойылған 3 қазақстандық қайтыс болғанын хабарлады.

Еске салсақ, Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа жарлыққа қол қойды, онда жолаушылардың елге кіруіне рұқсат беру ережелері түсіндірілген.

Оған қоса, өткен тәулікте тағы 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877673-kazakstanda-tken-tulikte-koronavirustan-kansa-adam-kajtys-boldy.html