RU

"Мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді": Тоқаев ұстаздарды құттықтады

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Мұғалімдер күні Қазақстанда қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.

"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", – деп жазды президент өз парақшасында.

Еске салсақ, әр баланың екінші анасына айналып, білім нәрімен сусындататын ұстаздар қауымы — далада да, қалада да ұстаз болып қала береді. Кәсіби мерекеге орай KAZ.NUR.KZ тілшісі қарапайым ауыл мен алып шаһардағы екі педагогтың өміріне көз жүгіртіп көрген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанда мұғалімдер күні қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды. "Үздік педагог" атанған 64 мұғалімге төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды.

Айта кеткен жөн, Қазақстан президенті Германияның біріккеніне 30 жыл толуына орай ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және ГФР Федералдық Канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Америка Құрама штаттары президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877678-memleket-mgalimderge-koldau-krsete-beredi-tokaev-stazdardy-kttyktady.html