RU

Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар (видео)

лада1
Фото: lada.kz

Кеше, 3 қазанда Ақтауда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан төрт адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болған оқиға туралы аймақтық Lada.kz басылымы хабарлады.

Полиция басылымға хабарлағандай, жедел жәрдем көлігі шетелдік маркалы машинамен соқтығысып, нәтижесінде дәрігерлердің көлігі аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасында төрт адам түрлі жарақаттар алған. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтуға рұқсат етілді, зардап шеккендердің екеуін ауруханаға жату қажет болды.

Апатқа кінәлі және жол-көлік оқиғасының себептерін құзыретті қызметтер анықтайды, деп қосты облыстық полиция.

Еске салсақ, Шымкентте жантүршігерлік апат салдарынан кішкентай бала көз жұмған еді.

Жол-көлік оқиғасы бақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан арнайы техника жүргізушісінің жол ережесін ескермей бұрылыс жасағаны көрінеді. Осы сәтте көлікке шетелдік көлік соқтығысады. Апат салдарынан қайтыс болған бала небәрі 11 айлық болған.

Оған қоса, 21 қыркүйекте Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Mercedes benz маркалы автокөлігінің пойызбен соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған.

Аталған факті бойынша ешкімнің зардап шекпегені анықталды. Белгілі болғандай, Mercedes benz автокөлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877680-aktauda-zedel-zrdem-kligi-apatka-syrady-zardap-sekkender-bar-video.html