RU

Батыс Қазақстан облысында көлікте отырған үш бала суға батып кетті (фото)

Батыс Қазақстан облысында көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында автокөлікте отырған үш бала Шаған өзеніне батып кетті. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 102 нөміріне қоңырау сағат 16.55-те түскен. Қоңырау шалған әйел көліктің суға батып кеткенін, онда үш бала болғанын айтыпты.

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz
"Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы келген. Үш қызметкер бірден балаларды құтқару үшін суға ұмтылды. Өкінішке орай, оларды құтқару мүмкін болмады. 6, 7 және 9 жастағы балалар оқиға орнында қаза тапты", – деді департаментте.

Айта кету керек, құтқарушылар қазіргі уақытта сол жерде жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиға орнын сигналдық лентамен қоршауға алды.

Қазіргі уақытта балалардың денелері судан шығарылды. Қайғылы оқиғаның дәл қалай болғаны белгісіз. Толық мәліметтер зерттелуде.

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Еске салсақ, кеше, 3 қазанда Ақтауда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Көліктердің соқтығысуы салдарынан төрт адам жарақат алған.

Айта кеткен жөн, Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданында қайғылы оқиға орын алған болатын. Мұнда бір жас жігіт жергілікті су қоймасында әдемі селфи түсіруге тырысып, ажал құшты.

Оған қоса, 23 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында таңертең ата-анасы қараусыз қалдырған қыз 2,5 метр тереңдіктегі құдыққа құлап, қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877684-batys-kazakstan-oblysynda-klikte-otyrgan-s-bala-suga-batyp-ketti-foto.html