Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан UEFA рейтингіндегі жағдайын өзгерте алмады

Опубликовано:

Футбол1
Көрнекі фото: Ash Donelon/Manchester United via Getty Images

Қазақстан UEFA коэффициенті рейтингінде 27-орынды сақтап қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kazfootball.kz-ке сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінің матчтары аяқталғаннан кейін Қазақстан UEFA коэффициенттері рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.

UEFA-ның коэффициенттер кестесі:

1. Испания – 81.283 (2.928)

2. Англия – 79.140 (2.928)

3. Италия – 62.010 (2.857)

4. Германия – 61.141 (2.785)

5. Франция – 50.581 (2.416)

6. Португалия – 40.949 (2.000)

7. Ресей – 36.549 (2.500)

8. Бельгия – 32.900 (2.400)

9. Нидерланды – 32.200 (2.200)

10. Аустрия – 30.425 (2.300)

......

25. Румыния – 17.200 (2.750)

26. Әзірбайжан – 16.625 (2.250)

27. Қазақстан – 15.625 (1.000)

28. Венгрия – 15.250 (4.000)

29. Беларусь – 15.250 (1.500)

Жақшада ағымдағы маусымның рейтингі көрсетілген.

Еуропалық жарыстарда Әзербайжан, Румыния және Венгрияда әрқайсысынан бір клуб бар екені еске саламыз. Беларусь командалары да Қазақстан сияқты өз өнер көрсетуін аяқтады.

Еске салсақ, Швейцарияның Женева қаласында UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Оған қоса, елорданың "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында черногориялық "Будучност" команасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Матч Алматыда өтті.

Сондай-ақ, КПЛ-дың ең қымбат футболшыларының рейтингі өзгерді. "Кайрат" ойыншысы Яцек Гуральский жаңа тізімнің көшін бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1877688-kazakstan-uefa-rejtingindegi-ornyn-zgerte-almady/

pixel