RU

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында жол апаты орын алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан төрт адам қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 103 телефонына Ақтоғай-Ақжол тас жолындағы жол-көлік оқиғасы туралы куәгерлерден қоңырау түскен. Жеделдіктің бірінші санаты бойынша ТЖ орнына Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы және Жолболды және Ақжол ауылдарынан медицина қызметкерлері жіберілді.

"Анықталғандай, жол апатынан 1977, 1960, 1949 және 1942 жылдары туған төрт адам зардап шеккен, олардың бірі – Ақтоғай ауылының тұрғыны және үшеуі – Ақжол ауылының тұрғыны. Барлығы өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақат алған", – деп хабарлады басқармада.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63 шақырымында 43 жастағы ВАЗ 21041 автокөлігінің жүргізушісі трактор тіркемесімен соқтығысқан. МТЗ тракторын 47 жастағы жүргізуші басқарған.

Аталмыш фактіге қатысты тергеу басталды.

Еске салсақ, кеше, 3 қазан күні Ақтауда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты орын алған еді. Көліктердің соқтығысуы салдарынан төрт адам жарақат алған болатын.

Оған қоса, Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел көлік астына түсіп, мерт болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877699-pavlodar-oblysynda-zol-apatynan-trt-adam-kz-zmdy.html