RU

Ақтауда көшенің қақ ортасында төбелескен қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды

Ақтауда төбелескен қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды
Видеодағы кадр: lada.kz

Ақтауда көлік жолының қақ ортасында бір-біріне жұдырық сілтеп, жаға жыртысқан қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтық басылымның хабарлауынша, оқиға 16, 17, 18 және 19 шағын аудандары көшелерінің қиылысында болған.

Кадрда бойжеткеннің жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Ал жігіт бірнеше соққы алған соң, тек сырт киімімен қорғанып, оқиға орнынан кетіп қалуға тырысқан.

Кейін полиция оқиғаға байланысты 102 нөміріне хабар түспегенін айтты.

"Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ауруханасына да ешкім жүгінген жоқ", – деді полицияның генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Еске салсақ, Алматыда түнгі уақытта бардың жанында жаппай төбелес болған еді. Бейнежазбадан саны 10-нан астам жігіттердің жол бойында сөзге келіп, жаға жыртысып жатқанын көруге болады. Қалалық полиция бұл факт бойынша органдарға ешкімнен шағым түспегенін айтты.

Оған қоса, Нұр-Сұлтанда бір топ жасөспірім қаланың қақ ортасында жаппай төбелескен болатын. Өзара келісе алмаған екі тараптың қақтығысы астанадағы сауда орталығының алдында орын алып, куәгерлердің камераларына түсіп қалған.

Айта кеткен жөн, 15 қыркүйекте әлеуметтік желіге видео тарап, жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Желіде тараған видеода келіні мен енесінің бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлысуға дейін барғаны түсіп қалған. Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877702-aktauda-kseni-kak-ortasynda-tbelesken-kyz-ben-zigit-videoga-tsip-kaldy.html