Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі ер адам ерекше сурет үшін көпір үстіне шығып кетті (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда екі ер адам ерекше сурет үшін көпір үстіне шығып кетті (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордада екі ер адам суретке түсу үшін көпірге шығып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Оқиға 4 қазан күні болған. Екеуі де ішімдік ішкен, деп хабарлады астаналық полиция департаменті. 

"Түнде сағат 00:28-де "102" пультіне хабар түсті. "Рамстор" жақта мас екі ер адам Қабанбай батыр даңғылындағы көпірдің аркасына шыққан. Астаналық патрульдік полиция жасағының қызметкерлері оқиға орнына барды. Хабар расталды", - деді департаментте.

Тәртіп сақшылары 33 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар түнгі қала көрінісін суретке түсіру үшін көпірге шыққанын жеткізді. 

Ерекше фотоға әуес тұрғындар наркологиялық диспансерде тексеріліп, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. 

Олар 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кеткен жөн, Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданында қайғылы оқиға орын алған болатын. Мұнда бір жас жігіт жергілікті су қоймасында әдемі селфи түсіруге тырысып, ажал құшты.

Сондай-ақ, Ақтөбеде теміржол бойында қайғылы жағдай орын алды. Пойыздың фонында селфи жасап, суретке түскен арулардың бірін пойыз қағып, зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Кейін ол ауруханада көз жұмған.

Оған қоса, ресейлік рэпер Павел Бесфамильный қайтыс болған соң әйелі марқұммен селфи жасап, фотоны әлеуметтік желіге жүктеп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877711-nr-sltanda-eki-er-adam-erekse-suret-sin-kpir-stine-sygyp-ketti-video/

pixel