Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантиндік шектеулер тағы да жеңілдетілді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Жақында Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қалада бірқатар карантиндік шектеурлер жеңілдетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қаулы 2020 жылдың 6 қазанында күшіне енеді. Оған сәйкес, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 15 тамызындағы қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Атап айтқанда, қаулыға сәйкес, толымдығы 50% -дан аспайтын театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Мәдениет объектілерінің жұмыс істеуіне келесі шарттармен рұқсат етіледі: театрларға отыру орындарының санына байланысты толымдығы 50% -дан аспаған жағдайда (infokazakhstan.kz порталында тіркелген) және орналастыру шарттары мен әлеуметтік арақашықтықты, сонымен қатар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен желдету және ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын жоспарлы тексерістен өткізіп отыру қамтамасыз етілген жағдайда», - делінген құжатта.

Одан бөлек, ауаны дезинфекциялауға қатысты бірқатар ұсыныстар берілген. Сондай-ақ, халыққа контактісіз қызмет көрсететін нысандар үшін (автокөлік жуу орындары, жеңіл көліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары, дөңгелектер ауыстыру учаскелері, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалағыштар, кір жуатын орындар және т.б.) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды.

Жұмыс уақыты 05: 00-ден 00-ге дейін жалғасатын жеке ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының (асханалар, кофеханалар, кафелер және т.б.) қызмет етуіне жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері топтық іс-шаралар ұйымдастырмау шартымен рұқсат етілді.

Сонымен қатар, белгіленген уақытта өнімді өзімен алып кетуге және жеткізуге де рұқсат етіледі.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялағанын жазған едік.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877729-almatyda-karantindik-sekteuler-tagy-da-zeildetildi/

pixel