RU

Пашинян Ресейдің Армения қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сенім білдірді

Пашинян пікір білдірді
Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қажет болған жағдайда Ресей Федерациясы Арменияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ереванға көмек көрсететініне сенім білдірді. Айтуынша, бұл екі ел арасындағы келісімде қарастырылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Пашинян неміс басылымына сұхбат берді, деп хабарлайды РИА Новости. Журналистермен әңгімелесу барысында армян премьер-министрі Арменияда Ресей Федерациясының әскери базасы бар екенін атап өтті.

"Арменияда 102-ресейлік әскери база орналасқан, бізде әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі бар. Бұл жүйе туралы келісім бұл қарулы күштерді Арменияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жағдайларда қолдануға болатынын нақты анықтайды... Егер мұндай жағдайлар туындаса, Ресей өзінің келісімшарттық міндеттемелерін орындайды деп сенемін", - деді саясаткер.

Сондай-ақ, Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Армениямен қарым-қатынасты қалпына келтірудің шартын атағаны белгілі болды.

"Біз жаулап алынған жерлерімізді босатқаннан кейін армян халқымен қалыпты қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысамыз, бұл оңай болмаса да, тату көршілік қатынастарға оралуға тырысамыз". - деді Әзербайжан президенті.

Мәселе Таулы Қарабақтағы жерлер туралы болып отыр. Бұл туралы Әлиев "Әл-Арабия"араб телеарнасының эфиріне берген сұхбатында айтты.

Әзербайжан басшысының айтуынша, Армения өз әскерін Таулы Қарабақтағы елді мекендерден шығаруға келіскеннен кейін, Баку осы аймақта тұратын армян және Әзірбайжан қауымдастықтарымен келісімге келеді.

Сонымен қатар, Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев Арменияны Баку маңындағы аудандарға зымыран шабуыл жасады деп айыптағаны белгілі болды. Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжанның мәлімдемесін жоққа шығарды.

Сонымен қатар, Әзербайжан Бас прокуратурасы атыс салдарынан 5 адам зардап шеккенін хабарлады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877731-pasinan-resej-armenia-kauipsizdik-kamtamasyz-etetinine-senim-bildirdi.html