RU

Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Арузат
Арузат Құрманғазиева. Фото: vk.com/erkenovva

Қостанай облысында 17 жастағы Арузат Құрманғалиеваның әкесі қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Костанайские Новости" басылымының хабарлауынша, аудандық полицияға Заречный ауылының тұрғыны арыз жазған. Ер адам 2003 жылы туған қызы Құрманғалиева Арузат Әзірханқызының 30 қыркүйекте үйден шығып, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан.

Өңірлік полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстарына көмек сұрайды.

Жас қыз сұр түсті күрте, көк джинсы мен кроссовка киген.

Полиция жасөспірімнің қайда екені туралы немесе іздеу жұмыстарына көмектесетін кез келген ақпарат білетіндердің "102" нөміріне хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 57 жастағы әйелді тапқанын жазған едік.

Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кешкі сағат 18.00-де әпкесінің заттарын алып, белгісіз бағытқа кеткені туралы арызданған.

Әйелді туыстары мен таныстарының үйінен іздеген полицейлер оны қалалық саябақтардың бірінен тапқан.

Тәртіп сақшылар әйелді әпкесіне тапсырды, ол Ордабасы полициясына алғысын білдірді. Белгілі болғандай, әйел отбасылық жанжал салдарынан үйден кетіп қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тоғыз жасар бала жоғалып кетіп, оны 250 адам іздестірген болатын. Көп ұзамай бала аман-есен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877734-kostanaj-oblysynda-17-zastagy-kyz-iz-tzsiz-zogalyp-ketti.html