RU

Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталған

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 59 адам тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 59 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 6

Алматы қаласы - 1

Ақмола облысы - 4

Атырау облысы - 1

Шығыс Қазақстан облысы - 14

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 1

Қарағанды облысы - 13

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 7

Солтүстік Қазақстан облысы - 9.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108236-ға жетті.

Сонымен бірге өткен тәулікте 72 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Ал Қазақстан бойынша жазылғандардың жалпы саны - 103277-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар да таралып жатыр. Мәселен, желідегі удиохабарламада Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны және қала маңына блок-бекеттер қойылатыны айтылған.

Кейінірек, ДСМ ТКҚСҚБК WhatsApp қолданушылары арасында кеңінен тараған аудиожазба жалған екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877738-elimizde-tken-tulikte-kansa-adamnan-koronavirus-anyktalgan.html