RU

Ләйлә Сұлтанқызы: Етігімнің тесігінен су кірмесін деп аяғыма целлофан пакет киетінмін

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мектеп қабырғасында қандай оқушы болғанын жасырмай айтып берді. Ұмытылмас аса қызықты өмірлік кезеңі туралы бар шындықты ол Instagram парақшасында жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желі арқылы оқушы болған кезін есіне алып, мектептегі қызықтарымен бөлісті. Тележүргізуші сабақты мықты оқыса да, бұзық оқушылар қатарынан да көрінгенін жасырмады .

Оған қоса, ақпарат өкілі қатты қиналған шағында өзіне бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандықты таңдаудан жаңылыстырмаған ұстазына алғыс білдірды. Сұлтанқызы мұғалімін төл мерекесімен құттықтап, бүгінгі жетістіктерінде сол кісінің айтарлықтай үлесі бар екенін жеткізді.

"Жұрттың қызы, әне, кім болатынын шешіп, әрекет етіп жүр. Сен болса әлі жүрсің". "Кім болам, қайда түсем" , - деген шешімді әлі қабылдамағаным үшін 11 сыныпта әжемнен әбден ұрыс естігенім есімде. 1 ауыз сөзімен тағдырымды шешкен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміне мың алғыс. Менің «бүгінім» сол кісінің бағытының арқасы.
Мен сабақтан қашпайтын тормоз оқушы болдым. Ұлдарды сапқа тұрғыза алатын староста болдым. Төбелесте алдыңғы планда тұратын бочка болдым. Қыстың күні екінші қыс киіп жатқан етігімнің тесігінен су кірмесін деп аяғыма целлофан пакет киіп жүретін Сұлтанның үздік оқушы қызы болдым. Заман жаһанданып, адам өзгерсе де ұстазға деген құрмет кемімесінМереке құтты болсын, ұлағатты ұстаздар" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877749-ljl-sltankyzy-etigimni-tesiginen-su-kirmesin-dep-aagyma-cellofan-paket-kietinmin.html