RU

Шенеунік мумиялар: Египетте 2700 жылдық тарихы бар табыт ашылды

ото
Көрнекі фото: pexels.com

Египетте шамамен 2700 жыл бұрын жерленген саркофаг табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Археологтар Каир маңындағы қазба жұмыстары кезінде мумиялармен 59 саркофагты, сондай-ақ ежелгі "Египет құдайларының" 28 мүсінін тапты. Журналистер үшін саркофагтардың бірі көпшіліктің алдында ашылды.

Осы орайда Египеттің туризм министрі Халед аль-Анани бұл коронавирус пандемиясы басталғаннан бергі анықталған үлкен тарихи жәдігердің алғашқысы екенін атап өтті.

"Қазба жұмыстары әлі жалғасуда, біз саркофагтардың жаңа қабаттарын таптық, олар туралы кейінірек хабарлаймыз. Саркофагтардың жағдайы жақсы, түстері сақталған. Алдын ала болжам бойынша, мумиялар шамамен 2700 жыл бұрын билік құрған перғауындардың XXVI әулетіне жатады. Бұл діни қызметкерлер, жоғары шенеуніктер мен дворяндардың денелері. Саркофагтар Ұлы Египет мұражайына жеткізіледі", - деді ол.

Айта кетейік, Саккара кешеніндегі қазба жұмыстары 2019 жылдың тамыз айынан бері жалғасып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877758-seneunik-mumialar-egipette-2700-zyldyk-tarihy-bar-tabyt-asyldy.html