RU

"Зал сілтідей тынды": Аяғы ауыр кезінде ән салған Димаштың анасы көпті тәнті етті

Светлана
Фото: starpri.ru

Шетелдік YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаеваның аяғы ауыр кезіндегі видеосы жария болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Горинов новости звезд" атты YouTube парақшасында жария болған видеода Светлана Айтбаеваның "Ахау керім" ұлттық әнін орындаған сәті көрсетілген.

Видеоны тамашалаған жұртшылық Свтелана ханымның көркі мен дарынына мақтауларын жаудыруда.

"Мұнда Свтелананың Мансұрға аяғы ауыр кезі. Сахнада құрсағындағы балаға музыканы баулуда, бұл сәт есімде, мен 61 жастамын", "Света ханым Мансұрды күтіп жүрген кез, жүзі жадырап, өзіне жарасып тұр", "Светлана ертегі әлемінен түскендей, дауысы да ғажайып", - деп жазған көпшілік.

Пікір қалдырушылардың бірі Димаштың екі жаста болған кезін есіне алды.

"Димаштың ата-анасы керемет жандар. Жас кезінде олар концерт беріп жүргенде Димаш небәрі екі жаста еді. Ол концерт біте салысымен ата-анасының қасына сахнаға жүгіріп шығып, көрермендерге бас иетін. Сол кезден-ақ оның сахнаға, шығармашылыққа, көрермендерге махаббаты бойына сіңген еді", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Видеомен бөліскен азамат болса, Свтелана ханымға Димаштай дарын иесін әлем жұртшылығына сыйлағаны үшін алғысын білдірген.

"Димаштың анасының талантына тәнтімін, интернеттен Света ханымның "Ахау керім" әнін орындау сәтінің видеосын тауып алдым, бірге тамашалайық. Мұнда жанды дауыспен ән шырқалып жатқанын айта кеткен жөн", - дейді видеомен бөлісуші азамат.

Сол арада парақша иесі Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаяны АҚШ-та трансляцияланған сәттің видеосымен де бөліскен екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз Димаш АҚШ-тың MTV арнасында қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атанғанын жазған едік.

Одан бөлек, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді бір-біріне айдап салып жүргендер барын айтқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877767-zal-siltidej-tyndy-aagy-auyr-kezinde-n-salgan-dimasty-anasy-kpti-tnti-etti-video.html