Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тиімді шарттармен баспананы қалай алуға болады

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде баспана мәселесі әлі де толықтай шешілген жоқ. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап үй алудың тиімді жолдарын ұсынбақ.

2 пайыздық ипотека кімге беріледі

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 2 пайыздық несие беріледі. Алайда оны нақты үш санатқа кіретін адамдар ғана рәсімдей алады:

  1. көпбалалы отбасылар;
  2. толық емес отбасылар;
  3. мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар.

Бастапқы жарнаның мөлшері қарыз сомасының 10 пайызын құрайды. Ал бастапқы жарнаны артығымен салса, ай сайынғы төлем төмендейді. Негізгі талап – өтініш берген адам мен отбасы мүшелерінің атында үйдің болмауы.

Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау бойынша кредиттің шекті сомасы 15 миллион теңге болса, қалған қалаларда – 10 миллион теңге. Арзан ипотекаға жаңа салынған үйдегі пәтер, қолданыстағы пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. 

Табыстың көлеміне де талап қойылады. Мәселен, соңғы алты айдың ішінде отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі екі күнкөріс минимумынан, яғни, 62 366 теңгеден аспауы керек.

5 пайыздық ипотека қалай рәсімделеді

Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тағы бір жеңілдетілген ипотекаға құжат қабылдау басталған болатын. Ол - "Шаңырақ" пилоттық жобасы ("5-10-20"). Оған да әкімдік кезегінде тұрғандар қатысады. Алайда бұл жолы 1986 жылдан 2015 жылға дейін тіркелген барлық адам өтініш бере алады.

Табысқа қатысты талап бойынша соңғы алты айдың ішінде отбасының әрбір мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан, яғни 101 270 теңгеден аспауы тиіс. Несиенің шекті мөлшері де жоғары. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтарда 18 миллион теңгенің үйін рәсімдеуге болады. Ал Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент және Қарағанды қалаларында, сонымен қатар Қарағанды облысында – 15 миллион теңге, ал қалған аймақтарда – 12 миллион теңге. 

Қарыз алушы пәтерді баспана кезегінде тұрған өңірден ғана сатып ала алады. Егер негізгі кіріс жеткіліксіз болса, онда зейнетақы төлемдерін қосымша табыстар ретінде көрсетуге болады.

Жас отбасыларға - 6 пайыздық несие

Шілде айында жас отбасыларға арналған 6 пайыздық ипотека бағдарламасы басталған болатын. Осыған сәйкес, алғашқы екі жылда жылдық несие мөлшерлемесі 6 пайыз болса, ары қарай 5 пайызға дейін төмендейді. Ипотеканың мерзімі -  6-9 жыл.

Кредитті бірнеше мақсатта алуға болады. Олар:

  1. Жаңа үйден пәтер немесе жер үйді сатып алу, соның ішінде, үлестік қатысу арқылы үй сатып алу;
  2. Қолданыстағы үйден пәтер немесе үй сатып алу;
  3. Тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  4. Жер үйдің құрылысы;
  5. Жер телімін сатып алу.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі "Жас отбасы" депозитін ашып, бір жыл ішінде болашақта сатып алатын пәтер бағасының 50 пайызын жинау керек. Ал бағалау көрсеткіші 5 ұпайдан кем болмауы тиіс. Депозитті некеге тұрған сәттен бастап үш жылдың ішінде ашуға болады. Жас жұбайлардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

"7-20-25" бағдарламасының талаптары қандай

Бағдарлама операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ. Ал негізгі талаптары:

  1. Қазақстан азаматы болу;
  2. Қазақстан аумағында меншігінде баспана болмауы;
  3. кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін тұрақты кірісінің болуы;
  4. ипотекалық несие болмауы.

Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі – 7%.

Бастапқы жарна – баспана құнының 20 пайызы.

Несие 25 жылға беріледі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғары бағасы – 25 миллион теңге, Қарағанды үшін – 20 миллион теңге, басқа өңірлер үшін – 15 миллион теңге.

  • Одан бөлек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Өз үйім" бағдарламасы да 7 пайыздық ипотекаға арналған. Алайда онда басқа үйдің бар-жоғы ескерілмейді.

Еске сала кетсек, мәжілісмен Айқын Қоңыров Қазақстанда азық-түлік купонын беруді, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға ауқымды несиелік рақымшылық жасауды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1877769-kazkastanda-tiimdi-sarttarmen-baspanany-kalaj-aluga-bolady/

pixel