RU

Атышулы "Дикий Арман" Түркия төрінде туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Дикий Ар ман туған күнін тойлап жатқан сәт
Фото: Видеодан кадр

Қылмыс әлемінде "Жабайы Арман" лақап атымен танылған Қазақстан тумасы Арман Жұмагелдиев туған күнін Түркия елінде дүркіретіп атап өтті. Туған күн иесі Стамбұл төрінде барша жақындары мен өзіне асқан сыйластық танытатын отандастарының басын қосты. Қылмыс әлемінің серкесін арнайы құттықтап барған қазақстандықтар қатарында бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жабайы Арманның" туған күні қалай өткенін оның Instagram парақшасынан көріп бәлуге болады. Ол ерекше мерекелік кеште жасалған фото мен видеолармен Stories бөлімінде белсенді түрде бөліскен.

Желідегі бейнежазбаларға қарап, құттықтаулардың алғашқы легі таза ауадағы терассадан бастау алғанын аңғаруға болады. Жұлдызды қонақтар бірінен кейін бірі туған күн иесін құттықтап, оған деген ақ тілегін жолдай сыйлығын тарту етті.

Мерекелік кештің жалғасы кейін даладан жабық мейрамхана ішінде өткен. Онда да Жұмагелдиевтің жақындары жылы лебіздерін барынша жаудырып, оның жаңа жасын ерекше атап өтті. Думанды кешті жүргізу мәртебесі белгілі отандық әзілкеш Нұрболхан Шараповқа бұйырған.

Қылмыс серкесінің жеке мейрамына Түркияда жүрген бірқатар қазақстандық жұлдыздар мен танымал тұлғалар барған. Олардың арасында Нұрлан Қоянбаев, әнші Серікбол Сайлаубек, Айнұр Тұрсынбаева, тележүргізуші Эльвира Ерғалина, Балғынбек Имаш, Cара Тоқтамысова, әзілкеш Арман Жаналиев және т.б.

Айта кетерлігі, Арман Жұмагелдиевтің туған күні негізі 25 тамызда өтіп кеткен. Алайда, ол кезде қылмыс серкесінің бауыры қайтыс болғандықтан, ол жаңа жасын енді тойлаутыд жөн көрген.

Сонымен қатар, туған күнмен қоса мерекелік шарада Айнүр Тұрсынбаева мен оның жолдасы ашқан кәсібінің кішігірім тұсаукесері өтті. Ерлі-зайыптылар шұжық сатумен айналысуды қолға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877778-atysuly-dikij-arman-trkia-trinde-tugan-knin-drkiretip-atap-tti-foto-video.html