RU

Арнайы күштер тартылды: Атырауда жасырын казино әшкере болды (видео)

Арнайы күштер тартылды: Атырауда жасырын казино әшкере болды (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда кафелердің бірінің VIP-залында жасырын казино жұмыс істеген. Алайда оның заңсыз әрекеттері тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 26 қыркүйекте облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде астыртын казино жұмысы тоқтатылды. Ол "Бомонд" кафесінің VIP-залында орналасқан.

Казино карантин кезінде жұмыс істеген, мұнда ойыншылар үнемі келіп тұратындығы атап өтілген.

Оқиға орнында кенеп, карточкалар, "Техас Холдем" покер фишкалары, басқа да арнайы құралдар алынды.

"Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, елордада полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін, сондай-ақ боди-массаж қызметі бар мекемелерді анықтау мақсатында рейдтер жүргізді.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды.

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған.

Оған қоса, Қазақстанда интимді қызмет көрсететін ер адамдар саны көбейгенін жазған едік. Сарапшылар мұны коронавирус пандеммиямен байланыстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877781-arnajy-kster-tartyldy-atyrauda-zasyryn-kazino-skere-boldy-video.html