RU

БҚО-да көлікпен бірге үш бала суға кетті: Оқиғаға қатысты тың дерек пайда болды

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында көлікпен бірге суға батып кеткен үш бала туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мой город басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, қаза тапұан балалар Достық ауылында тұрған. 9 және 7 жастағы екі ұл – ағайынды. Ал алты жастағы тағы бір бала басқа отбасының мүшесі. Екі ұлынан айырылған ата-ананың тағы бір кішкентайы бар. 

Туыстарының сөзінше, екі жанұя демалыс күні табиғат аясына шығып, балық ауламақ болыпты. Ал көлікті биіктеу жерге қойған. Алдымен жүгіріп ойнап жүрген балалар кейін көлікте отырып телефон көретіндерін жеткізген көрінеді.

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

"Автомат басқарудағы көлік тұрақта тұрған, бірақ техникадан ақау шығып, көлік өздігінен суға жүріп кетіпті. Бұл табан астында орын алған екен. Ата-аналар балаларын құтқаруға жүгіргенімен, көліктің есіктері бұғатталып қалды. Ал суда терезелерді сындыру мүмкін болмапты. Бұл үлкен қайғы. Балалардың ата-анасын кінәлауға болмайды. Осылай боларын ешкім білмеді. Оларға қазір оңай емес", - дейді туысы.

Оның сөзінше, алты жастағы баланың отбасында тағы екі бала бар. Оқиға кезінде олар көлікке отырмаған.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 119 бабы бойынша ("Қауіпті жағдайда қалдыру") қылмыстық іс қозғалғанын хабардар етті.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында көлікте отырған үш бала Шаған өзеніне батып кеткенін жазған болатынбыз.

Үш бала1
Оқиға орны. Фото: lada.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877782-bko-da-klikpen-birge-s-bala-suga-ketti-okigaga-katysty-ty-derek-pajda-boldy.html