RU

Түркістан облысында атасының шотынан өзіне ақша аударған келін істі болды

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Созақ ауданында жергілікті тұрғын шотынан ақша жоғалғанын айтып, полиция бөліміне арызданған. Тәртіп сақшылары 40 мың теңгені жәбірленушінің келіні аударып жібергенін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының жергілікті тұрғыны тәртіп сақшыларына шағымданып, банктік шотынан заңсыз ақша аударылғанын айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгеннен кейін полицейлер жәбірленушінің шотынан 40 мың теңгені келіні аударып жібергенін анықтаған.

Тергеу барысында күдікті ақшаны ер адамның шотынан мобильді қосымша арқылы аударып алғаны белгілі болды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Еске сала кетсек, Семейде әскери қызметкер мас күйінде екінші қабаттағы бөтен адамның пәтеріне кіріп кеткенін хабарлаған едік.

Ол жатын бөлмеден 500 мың теңгенің мүлкін тауып алған. Алайда, оның құнды заттарды іздеп жатқан кезде көрші бөлмеде ұйықтап жатқан пәтер иесі оянып кеткен.

Сондай-ақ Жезқазғанда дүкен кассасынан 11 мың теңгені ұрлап кеткен 33 жастағы ер адам ұсталған еді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінген еді.

Тергеу нұсқасы бойынша, елордалық банктердің бірінің менеджері бірнеше ай бойы қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Полицияның ақпарынша, ол салымшыларға арналған түрлі банк операцияларын жүргізе отырып, бір уақытта ақша ұрлаумен айналысқан.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1877791-trkistan-oblysynda-atasyny-sotynan-zine-aksa-audargan-kelin-isti-boldy.html