RU

"Екі сыйлық жасадым": Түсіпбаева анасына ұстаздар күніне орай не тарту етті

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева ұстаздар күнінде ең жақын адамына ерекше сыйлық тарту еткен. Өнер иесі ұзақ жылдар бойы мұғалім болып қызмет етіп келе жатқан анасына бала күнінде алып бергісі келген затын сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева анасына ұстаздар күніне орай екі сыйлық жасаған. Эстрада жұлдызы тарту еткен дүниелері жайында Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.

"Анама , ұстаздар күніне екі сыйлық жасадым. Біріншісі- тай массажы, ал, екіншісі- аяқ киім. Алыста қалған балалық шағымдағы армандарымның бірі- анама көп , тіпті сансыз адемі аяқ киімдер әперу болатын. Ол кезде, ақшаң болса- киім дефицит, немесе- ақша аз, жақсы аяқ киім алуға жағдай болмайтын. Мектепте мұғалім болып, 35 жыл жұмыс жасаған анам, қыс бойы шүберек етік киетін.
Көктем келгенде, қар ерігенде, мектептен кейде уйге шұлығы су- су болып келетіні , әлі есімде.Соны көрген мен, кішкентай бала кезімде, өзіме серт бергенмін! Есейгенде міндетті түрде анама сан түрлі аяқ киім аперемін деп. Армандар орындалады. Алдыңызға мақсат қоя біліңіз" , - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы да ұстаздар күніне орай өмірінің дәл осы бағытта өрбуіне септігін тигізген мұғалімін құттықтап, оқушы кезін есіне алған болатын.

Белгілі тележүргізуші оқырмандарына мектеп қабырғасында оқымысты болса да, бұзықтар қатарынан да жиі көрінентінін жасырмай айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877796-eki-syjlyk-zasadym-tsipbaeva-anasyna-stazdar-knine-oraj-ne-tartu-etti.html