RU

Түркістан облысында балаларын аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында балаларын аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды
Видеодағы кадр: facebook.com

Түркістан облысында мас күйде үйіне келіп, өз балаларын аяусыз сабаған ер адам ұсталып, қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның баланы ұрған сәті көрініс тапқан видео пайда болған еді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары бұл істі "Азаптау" бабы бойынша тіркеді.

Сол күні, 4 қазанда полицияға бір әйел арызданып, күйеуі өзінің балаларын ұрып-соққанын айтқан. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жұмыссыз азаматты ұстады. Ерлі-зайыптылар 2011 жылдан бері бірге тұрып келеді екен және үш баласы бар екені анықталды.

Сондай-ақ, 2018 жылы әйел дене жарақатын алғаны туралы хабарламамен полицияға жүгінгені белгілі болды. Алайда ол күйеуіне арыз жазудан бас тартқан. Содан кейін оған ұқсас шағым өткен жылдың сәуір айында түскен. Бірақ медиация арқылы әкімшілік іс тоқтатылған, өйткені ол күйеуіне кешірім беріпті.

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін бұл туралы Жазира Бегалы өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазған еді.

Күйеуі алкогольдік масаң күйде келіп баланы уақыт ара ұрып тұрады екен. Сонымен қатар, ол оған қарсы екі рет арыз жазған, бірақ екі рет те учаскелік полиция қызметкері оларды елемегені айтылған.

Айта кеткен жөн, Павлодар облысының аумағында 1 қазаннан бастап полиция қызметкерлері тұрмыста құқық бұзушылыққа бейім адамдарды тексеруді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877800-trkistan-oblysynda-balalaryn-aausyz-sabagan-er-adam-kamauga-alyndy.html