RU

Коронавирус эпидемиясы кезіндегі ең қауіпті бұйым белгілі болды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік терапевт-дәрігер коронавирус індеті кезінде қандай бұйым аса қауіпті екенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Терапевт-дәрігер Лариса Алексееваның айтуынша, бетпердені дұрыс қолдана білмеу оны коронавирус кезіндегі ең қауіпті бұйым етеді.

Маманның сөзіне сенсек, тұрғындардың кейбірі бетперде тағу кезінде қауіпсіздік шараларына еш мән бермейді. Мәселен, бөгде науқас адам маска таққан адамға жақындап түшкіретін болса, микробтар бетперденің сыртқы бетіне жабысады екен. Сол себепті, бетпердені шешкенде барынша абай болу керек дейді дәрігер.

Алексеева 10-15 күн бойы бір бетпердемен жүре беретіндердің де әрекеті бұрыс екенін алға тартты.

"Ондай адамдар маскадан жалыққанда алақанымен бетпердені қалай болса солай шап беріп, шешіп, қалтасына сала салады. Сосын әлгі қолдарымен бетін ұстап, уқалайды. Сол бетпердені қайта киіп, тіпті үйіне алып кіреді. Жылы ылғалды бөлмеде бетпердедегі микробтар өзін жайлы сезінетінін ескермейді. Бұл өте қауіпті", - дейді ақ халатты.

Дәрігер бір бетпердені екі сағаттан артық тағуға болмайтынын, оны шешкенде қолды масканың сыртқы бетіне тигізбеу керектігін және дереу қоқысқа лақтыру қажеттігін ескертуде.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус індетіне байланысты 5 қазаннан бастап Қазақстанда бірқатар шектеулер мен өзгерістер күшіне енетінін жазған едік.

Одан бөлек, Алматыда карантиндік шектеулер тағы да жеңілдетілгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877808-koronavirus-epidemiasy-kezindegi-e-kauipti-bjym-belgili-boldy.html