RU

"Иерусалим - түріктің қаласы": Режеп Тайып Ердоған ел күтпеген мәлімдеме жасады

Ердоған Тайып
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль астанасы Иерусалимді Сүлеймен сұлтанның гүлдендіргенін айтып, шаһарды түріктердің қаласы деп атады деп жазады KAZ.NUR.KZ Тsn.ua порталына сілтеме жасап.

Ердоған Анкарада депутаттардың алдында сөйлеген кезінде "Иерусалим - түріктің қаласы" деп мәлімдеме жасаған. Ол қаланы Осман империясының төрт ғасыр бойы бақылауда ұстағанын тілге тиек еткен.

"Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалдырып кетуге тура келген бұл қаладан (Иерусалимнен - ред.) османдықтардың іздерін кездестіруге болады. Сол себепті Иерусалим - біздің қаламыз, қала бізден", - деді Түркия басшысы.

Сондай-ақ ол 1520-1556 жылдары Осман империясын басқарған Ұлы Сүлеймен кезінде Иерусалимнің әлі күнге дейін тұрған қабырғалары, Иерусалимнің ескі қаласындағы жартастағы күмбез қайта жаңартылып және қалпына келтірілгенін атап өткен.

"Біздің ата-бабаларымыз бұл қаланы жоғары бағалап, ғасырлар бойы өз құрметтерін көрсетті", - деді Ердоған.

Еске сала кетсек, Режеп Тайып Ердоған Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталған соң қоғамдық көліктерде азаматтардың тұрып тұруына тыйым салған еді.

Сондай-ақ, Түркияда мұражайға айналған "Айя-София" мешітінде 86 жылдан кейін намаз оқылған болатын.

Мемлекеттік кеңесінің бұл шешімін атап өту үшін ондаған адам Айя-София маңында жиналған.

Көптеген адамдар бұл қадамды "Түркияның егеменділік құқығы" деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877809-ierusalimtrikti-kalasy-rezep-tajyp-erdogan-el-ktpegen-mlimdeme-zasady.html