RU

Еуропа елдері коронавирус тарауына байланысты антирекорд орнатуда

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуропа елдерінде тағы да КВИ толқыны байқалады.

CNN жазғандай, Еуропадағы ең көп адам қайтыс болған Ұлыбритания мен Ирландия Біріккен Корольдігі сенбіде коронавирус инфекциясының 12 872 жаңа оқиғасы жайлы хабарлады, бұл елдегі соңғы жеті күндік орташа көрсеткіштен екі есе көп. Жексенбіде олар 22 мың жаңа дерек расталғанын мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон бұл "барлығы үшін өте қиын қыс" болуы мүмкін екенін ескертті.

Британия үкіметінің деректері бойынша, бүгінгі таңда Ұлыбританияда COVID-19 инфекциясының 503 мың жағдайы және 42 350 өлім дерегі тіркелген.

Еуропадағы басқа елдер де қайғылы рекорд орнатып жатыр. Мұнда өлім-жітім деңгейі өсуде деп хабарлады бейсенбіде еуропалық аурудың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC).

Францияда ұлттық денсаулық сақтау агенттігі сенбіде күн сайынғы өсімді соңғы 24 сағат ішінде 16 972 жаңа COVID-19 жағдайымен тіркеді, бұл өткен аптадағы 16 096 дерек рекордынан асып түскен. Бейсенбіде денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Парижде дүйсенбіде карантин режиміне оралу қаупі бар екенін ескертті.

Польша сенбіде коронавирустың 2367 дерегін растады. Осылайша, мемлекет үш күн қатарынан рекорд жаңартып келеді.

Ал Италия ең көп күнделікті өсімді 24 сәуір күні 2844 жағдаймен тіркеді.

Германия канцлері Ангела Меркель осындай өсім жалғаса берсе, жыл соңында елде күніне 19 мың дерек тіркелуі мүмкін екенін ескертті.

Роберт-Кох институтының аурулар және бақылау орталығының мәліметінше, Германия жұма күні коронавирус инфекциясының 2673 жаңа жағдайын растаған. Бұл 18 сәуірден бері тіркелген деректердің ең көп өсімі болып отыр.

Айта кетйік, АҚШ президенті Дональд Трамп та коронавирус жұқтырды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары көшбасшысына сауығып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877814-europa-elderi-koronavirus-tarauyna-bajlanysty-antirekord-ornatuda.html