RU

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

ІІМ кадрлық саясат департаментінің басшысы онлайн-брифинг барысында елімізде АҚШ пен Канададағыдай шерифтер үлгісін енгізу мүмкіндігі жөнінде айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айдар Сайтбеков "қолжетімді полиция" қағидасы бойынша жергілікті полиция қызметінің реформасы және қазақстандық полиция жұмысының қызметтік үлгісіне көшуі жөнінде әңгімеледі.

"Сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания мен Канадада таралған шерифтер үлгісін зерттеу жоспарлануда. Бізге бұл мәселеде АҚШ елшілігі көмектесуге дайын", – деді ол.

Департамент басшысы "қожетімді полиция" реформасының мәніне тоқталып өтті.

Оның айтуынша, реформаның мәні – полицияның қазір көшеге шығуы емес, олардың дәл қажет болған кезде орнынан табылуы.

"Шартты түрде бұл үш орын: полицияның болуы қажет емес, мұндай қажеттілік ерекше жағдайларда туындауы мүмкін қауіпсіз орын; екіншісі – ішінара қауіпсіздік, бұл жерде полицияның болуы тек адамдар көп шоғырланған кезде ғана қажет; үшіншісі – бұл полицияның тұрақты болуы қажет қауіпті орындар", – деп түсіндірді спикер.

Жақында алматылық полицейдің жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Өрт кезінде үйде 71 жастағы қария, оның 33 жастағы өгей баласы мен 15 жастағы немересі болғаны анықталды. Өкінішке қарай, жасөспірім мен тағы бір ер адамды құтқару мүмкін болмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, соның салдарынан екі және үш жастағы балалар қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877815-kazakstanda-serifter-pajda-boluy-mmkin.html