RU

Дональд Трампты коронавирустан қалай емдеп жатыр

Дональд Трампты коронавирустан қалай емдеп жатыр
Дональд Трамп. Фото: Sarah Silbiger/Bloomberg via Getty Images

Дональд Трамп клиникада коронавирустан емделіп жатыр. Оның қанындағы оттегі деңгейі төмендей бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

3 қазанда Дональд Трамп Вальтер Рид әскери-медициналық орталығына жеткізілген болатын. Онда ол COVID-19-дан емделіп жатыр. Трамптың қанындағы оттегі деңгейі айтарлықтай төмендей бастапты. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Америкалық көшбасшыны емдейтін доктор Шон Конли жексенбідегі баспасөз мәслихатында Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығына жатқызылған сәтте оған стероидты дексаметазон берілгенін айтты.

Сенбіде АҚШ президентінің қанындағы оттегі деңгейі 93%-ға дейін төмендеген, бірақ ентігу болмапты. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде Трамптың қанындағы оттегі деңгейі 98% құрайды.

Қандағы оттегімен қанықтыру – коронавирус жұқтырған науқастардың денсаулығының негізгі белгісі. Негізі қалыпты мәні – 95-тен 100-ге дейін. 90-дан төмен түсу алаңдаушылық туғызуға себеп болмақ.

Өкпені реанимациялау жөніндегі маман доктор Брайан Гарибальдидің айтуынша, Трампқа дексаметазонның алғашқы дозасымен бірге эксперименттік ремдесивир дозасы берілген. Жанама әсерлер болған жоқ.

"Қысқа мерзімді төмен оттегінің деңгейіне жауап ретінде біз дексаметазон терапиясын бастадық, ал кеше ол алғашқы дозасын қабылдады", – деді Гарибалди брифинг барысында.

Емдеу одан әрі жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877819-donald-trampty-koronavirustan-kalaj-emdep-zatyr.html