Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемияға қарамастан Дубайға демалуға кеткен жұлдыздар кімдер (фото)

Опубликовано:

байзақова мен Мадлен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал жұлдыздар коронавирус пандемиясы жүріп жатса да, шетелге демалысқа аттануды жөн санаған. Алты ай бойы үйінен шыға алмай, жазды өткізіп алған олар шекеара ашылған бойда бірден Дубайға жол тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біріккен Араб Әмірлігіне тек эстрада жұлдыздары ғана емес, желіде танымал арулар да барғаны белгілі болды.

Отандық шоу-бизнестен Дубайда демалып жатқан арасында Қайрат Нұртас пен Нұрлан Еспанов бар. Белгілі хитмен бұл жолы шетелге анасы мен інісі Аянмен шықса, Еспанов жұбайымен бірге қыдырып жүр.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде демалыстары қалай өтіп жатқанын белсенді түрде бөлісуде. Ол Instagram парақшасында ұлы Аянның қымбат көлік айдап бара жатқан видеосын жариялады.

Оған қоса, жұлдызды әулет Еспановтардың жанұясымен қуаышып үлгерген.

Сонымен қатар, шоу-бизнес өкілдерінен қалыспай Дубайға аттанған желі жұлдыздары қатарында Айжан Байзақова мен Мадлен есімді арулар бар. Қос сылқым ыстық елдегі демалыстарынан барынша ашық фотоларын жүктеп, ерлер қауымын естен тандыруда.

Мадлен Араб Әмірліктерінің ең әдемі қаласына жан құрбысымен барса, атышулы Байзақова демалысын анасы мен ұлымен өткізуде. Алайда, қос ару да Дубайда жолығып, ортақ видеолармен бөліскен.

Айта кетейік, бесінші қазаннан бастап, елімізге коронавирус инфекциясын кіргізбеу мақсатында бірқатар шектеу шаралары қабылданды. Басқа елдермен әуе байланысын тоқтату, әуе байланысы жанданған елдерге жасалатын рейс санын арттырмау, сондай-ақ Түркияға жасалатын рейс санын қысқарту.

Оған қоса, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар: Дене қызуын өлшеу, сауалнама; коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама. Аталған құжаттарсыз Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877823-pandemiaga-karamastan-dubajga-demaluga-ketken-zldyzdar-kimder-foto/

pixel