RU

Алматыда коронавирус жұқтырғандар санының азаюына не әсер етті

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда cоңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың бір ғана жағдайы тіркеліп, таралу деңгейі бір пайызға да жетпеген. Бүгінгі таңда ауруханаларда кереуеттердің тек 5 пайызы қамтылған.

Оның пікірінше, вирус жұқтырғандардың саны шектеу шараларының арқасында төмендеген.

Сонымен қатар санитар дәрігер өткен тәулікте қалада этиологиясы белгісіз пневмонияның бір ғана жағдайы тіркелгенін атап өтті. Оның сөзінше, бұған өзін-өзі емдеу, ауруды асқындырып алу, антибиотиктерді өз бетінше қолдану себеп болған.

Бекшин сондай-ақ жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты жағдай туралы да баяндап, тұмаудың тіркелмегенін айтты. Ол қалада ЖРВИ-ға қатысты жағдайы тұрақты екенін де атап өтті.

"Ауру 3,6% -ға төмендеді. Бұл ата-аналардың дұрыс әрекет етіп, қырағылық танытуының арқасы", - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен бірге Алматының бас санитарлық дәрігері ауру көрсеткішінің төмендеуіне коронавирус пен ЖРВИ-ге қарсы эпидемиологиялық шаралар да оң әсер еткенін айта кетті. Сондай-ақ қалада ЖРВИ-мен ауруханаға түсу жағдайы да азайған.

Сонымен бірге шаһарда тұмауға қарсы вакцина алғандардың саны да артқан. Егер өткен жылы желтоқсанға дейін 100 мыңға жуық адам вакцинациядан өткен болса, бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мың адамға екпе егілген.

Сондай-ақ бұған дейін тапсырыс берілген қосымша 300 мың вакцина дозасының 65 мыңы сатып алынған.

Еске сала кетсек, жақында Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қалада бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілген болатын.

Сонымен қатар ол Алматыны карантинге жабу қарастырылып жатпағанын да баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877828-almatyda-koronavirus-zktyrgandar-sanyny-azauyna-ne-ser-etti.html