RU

40 секундтық рекордты жаңартып көріңіз: Суреттен пультті жылдам таба аласыз ба (фото)

Сурет
Фото: vinegred.ru

Ұлыбританияның ScS компаниясы ерекше сурет жариялап, әлем жұртшылығына 40 секундтық рекордты жаңартып көруді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тек ең қырағы азаматтар ғана бұл суреттен теледидар пультін таба алады. ScS атты компанияның өкілдері суреттегі түрлі жиһаздардың арасына теледидар пультін жасырған.

Дивандар мен төсек орындарын сатумен айналысатын компания бұл жұмбақ суреттен пультті табу үшін кемінде 40 секунд уақыт кететініне сенімді.

Одан жылдамырақ пультті табу мүмкін еместігін алға тартқан компания, әлем жұртшылығына рекорд орнатып көруге ұсынды.

Суретті сынақтан өткізген компания өкілдері әдетте адамдардың дені суреттен пультті табу үшін бір минуттан астам уақыт кетіретінін айтуда.

Суретте түрлі заттар мен түстердің болуы құрылғыны шебер жасыруға мүмкіндік берген. Десе де жасырылған бұйымды табуға болады. Тек суретке жақсылап көз жүгірту керек дейді сурет авторлары.

Ал сіз неше секундта суретте жасырынған пультті таба алдыңыз? Рекорд жаңарту қолыңыздан келді ме?

Сурет
Фото: vinegred.ru

Еске салсақ, бұған дейін біз аналардың өмірін шынайы бейнелей алған суретші жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған едік.

Абель есімді баланың анасы атанған норвегиялық суретші Джейд Нордал аналардың күнделікті орасан зор еңбегі мен сүйіспеншілікке толы тыныс-тіршілігін көрсету мақсатында қолына қылқалам алған.

Одан бөлек, көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877835-40-sekundtyk-rekordty-zaartyp-kriiz-suretten-pultti-zyldam-taba-alasyz-ba-foto.html