RU

Алматы карантинге жабыла ма: Қаланың бас санитар дәрігері жауап берді

Алматы карантинге жабыла ма: Қаланың бас санитар дәрігері жауап берді
Көрнекі фото: NUR.KZ

Онлайн брифингте Алматының бас санитар дәрігері коронавирустың таралуы туралы қазіргі мәліметтерді жариялап, карантин режимін қатаңдатуға себептің бар-жоғын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қаладағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының бір ғана жағдайы тіркелген. Аурудың тәуліктік өсімі 0,006% құрайды. Таралу деңгейі 1 пайыздан төмен.

Сонымен қатар, өткен тәулікте қалада этиологиясы белгісіз пневмонияның бір ғана жағдайы тіркелген.

Жалпы, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің мәліметтері бойынша, осы уақытта қалада төсек-орындардың тек 5%-ы ғана қамтылған.

Бұрын енгізілген шектеу шаралары ЖРВИ мен тұмаудың таралуына да әсер еткен.

Бекшиннің айтуынша, мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу, қала басшылығына карантиндік режимді одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.

"Біздің қалада жағдай тұрақты, алаңдау мен жалған ақпарат таратуға себеп жоқ. Мұның бәрі (қаланың карантинге жабылатындығы туралы ақпарат – ред.) жалған ақпараттың тарауынан. Мен бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы жабу қарастырылып отырған жоқ", – дейді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Еске сала кетсек, жақында Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қалада бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілген болатын.

Оған қоса, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қашықтан сабақ оқып жатқан 73 баланың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877837-almaty-karantinge-zabyla-ma-kalany-bas-sanitar-drigeri-zauap-berdi.html