Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айуан": Түсіпбаева балаларын сабап тастаған қатыгез әкеге қатысты бар ойын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева ел арасында шу тудырған қатыгез әкенің видеосына пікір білдірді. Өнер иесі өз туған балаларын аяусыз сабап тастаған ер азаматты әкелік құқығынан айыру керек екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева қоғамда орын алатын даулы мәселелердің көбісіне дерлік өзінің азаматтық позициясын айқындап тұрады. Эстрада жұлдызы бұл жолы да Түркістан облысындағы жантүршінерлік жағдайды айналып өте алмаған. Әнші өз перзенттерін соққыға жыққан ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдіріп, парақшасында жазба жариялады.

"Видеоны аяғына дейін қарауға жүрегім шыдамады. Обал-ай. Осы кісілер неге, не үшін баланы жарық дүниеге акеледі екен?! Таңым бар сонша жек көрсе?! Ана жолы, екі балаға, қарбыздың қабығын жегізген антұрғанды көріп, өз баласы болмаған соң, бөтен балаларды қорлаған шығар дедік.
Ал, мынау не?! Әке ме?? Айуан ба??? Адам ба??Біреу балаға зар, ал біреулер қорлап -зорлап әлек. Өз басым, мұндай жүйкесі тозған адамды акелік құқығынан айыру керек деп есептеймін. Мұндай атмосферада өскен ер бала ертең толыққанды ер- азамат бола ала ма" , - деп жазды Түсіпбаева.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының тұрғыны күйеуі мас күйінде келіп, оны және ұлын ұратынын айтқан болатын. Желіде ер адамның балаларды аяусыз сабап жатқанын көруге болады.

Бүгін перзенттеріне қатысты қатыгездік танытқан әкенің қамауға алынғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары бұл істі "Азаптау" бабы бойынша тіркеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877838-ajuan-tsipbaeva-balalaryn-sabap-tastagan-katygez-kege-katysty-bar-ojyn-ajtty/

pixel