RU

Еурокомиссия басшысы өзін-өзі оқшаулағанын мәлімдеді

Еурокомиссия басшысы
Урсула фон дер Ляйен. Фото: Getty Images

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен коронавирус инфекциясы анықталған адаммен байланысқа түскеннен кейін өзін-өзі оқшаулағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаткер өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, 29 қыркүйекте ол аталған адаммен байланыс жасаған. Ал 4 қазанда одан COVID-19 індеті анықталған.

"Сондықтан да қолданыстағы ережелерге сәйкес, ертеңге дейін (6 қазан) оқшауланамын", – деп жазды Еурокомиссия басшысы.

Урсула фон дер Ляйен сондай-ақ 1 қазанда коронавирусқа тексеріліп, нәтижесі теріс болғанын жеткізді. Саясаткер дүйсенбі күні, 5 қазанда қайтадан тест тапсырған.

Айта кетейік, бұған дейін Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы АҚШ көшбасшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, өзінен бөлек жары Мелания да коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Ал оған дейін Дональд Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін АҚШ басшысы карантинге жатқызылған болатын. Ол коронавирус сынамасының нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, америкалықтар дебат басталмай тұрып Дональд Трампты жеңіспен құттықтап қойған "Қазақстан үкіметіне" таң болды. Кейін бұл құттықтауды шын мәнінде Қазақстан үкіметі емес, "Борат" фильмінің актері жолдағаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877840-eurokomissia-bassysy-zin-zi-oksaulaganyn-mlimdedi.html