RU

"Махаббат тулап тұр": Ерке Есмаханның сүйіктісін жолықтырғаны рас па

Ерке Есмахан күліп тұр
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Ерке Есмахан махаббатқа толы жазбасымен оқырмандарын қызықтырып қойды. Өнер иесі қазіргі уақытта бақыттан басы айналып жүргенін ашық айтты. Желі қолданушылары бірауыздан әншінің сүйіктісін жолықтырғанын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram әлеміне енді орала бастағандай. Отбасындағы қайғылы жағдайдан кейін ғаламтор кеңістігінде көрінбей кеткен әнші енді парақшасын қайта жандандырып, оқырмандарына өз құпияларын аша бастады.

Жалғызбасты эстрада жұлдызы қазіргі уақытта басынан ерекше сезім өткеріп жатқанын қуана хабарлады. Ол махаббат пен сезімге толы жазба жариялап, жанкүйерлері арасында қызу талқыға қалды.

"Дәл қазір жаным ән салып, жүрегім алып ұшып, ішімде көбелек, миымда тыныштық, кеудемде қуаныш, көзімде от, бойымда махаббат тулап тұр. Суретке қарап мүлдем олай деп ойламайсың" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Шоу-бизнес өкілінің бұл жазбасы оқырмандарының түрлі болжамдарын тудырды. Көпшілік бір мәрте ажырасқан әншінің қайтадан жүрегінің қалауын жолықтырғанын жарыса жазуда.

"Осы сезімдер ешқашан өшпесін. Жадырап жүре беріңіз" , "Бақыттан балбұл жана беріңіз" , "Ғашығыңызды жолықтырған сияқтысыз" , "Ұзағынан болсын" , "Біреу қатты ғашық қой мына қыз" , "Жүрегіңізді жаулап алған сері жігітпен қашан танысамыз", - деп жазуда халық.

Олар өнер иесін тіпті сұрақтың астына алған. Алайда, Ерке Есмахан оқырмандарының сауалдарына қатысты жауап беруге асық емес көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877852-mahabbat-tulap-tr-erke-esmahan-sjiktisin-zolyktyrgany-ras-pa.html