Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында бақылау күшейтілді (фото)

Опубликовано:

Әуежай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы режимді күшейту және мегаполисті шетелден коронавирус әкелуден қосымша қорғау бойынша шаралар қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мәселен қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайының аумағында халықаралық әуе рейстерімен келетін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізіледі.

Дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар Алматы қаласы әуежайының оқшаулағышына орналастырылады немесе әуе кемесінің бортынан жедел жәрдем көліктерімен дифференциалды диагностика мен емдеу жүргізу үшін қаланың инфекциялық стационарларына жеткізіледі.

Әуежай аумағында міндетті маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы сақталады.

Әуежай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әуежай ғимаратында ұшып шығатын жолаушылар үшін коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама алу пункті жұмыс істеп тұр.

Әуежай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ жұмыс тобы қалаға ПТР-тесттің қорытындысыз келетін жолаушыларды уақытша ұстауға арналған қонақ үйлердің дайындығын тексерді.

Мұнда коронавирус анықтамасы жоқ адамдардың уақытша болуы үшін, оқшаулауды қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің өзге де талаптарын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, еліміздің бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде өзге елдің азаматтары қолдарында COVID-19-ға алынған тесттің нәтижесі 72 сағаттан аспағанын көрсететін анықтама болмаған жағдайда, қалаға кірулеріне жол берілмейді.

Әуежай
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал шетелден анықтамасыз келген ел азаматтары әуежай аумағынан ПТР-тесттен өту үшін және нәтижелерді күту үшін уақытша мегаполистің қонақ үйлеріне орналастырылады.

Өз кезегінде, бұған дейін еліміздің инфрақұрылым және индустриялық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компанияларына ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда Қазақстан азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды бортқа жібермеуді тапсырған болатын.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан осы талаптарды сақтауды және мегаполис аумағына келгенге дейін ПТР-тестілеуден өтуді сұрайды.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте жалпы 59 адамнан коронавирус анықталған.

Ал жалпы Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, cоңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың бір ғана жағдайы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877860-almaty-uezajynda-sanitarlyk-epidemiologialyk-bakylau-ksejtildi-foto/

pixel