RU

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды

Жуков
Фото: sport.inform.kz

Польшаның спорттық порталдарының бірі Краковтағы "Висла" клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуковтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хабарланғандай, Висла Краков пен Лехия Гданьск арасындағы жоспарланған матч өтпейтін болды. Көп ұзамай кездесуді тоқтатудың себептері жайлы жаңа мәліметтер пайда болды.

Польшаның 2х45 спорттық порталының хабарлауынша, Забжедегі команда жеңіліске ұшырағаннан кейін толық құрамдағы ойыншылар COVID-19-ды анықтайтын тесттен өткен болып шықты.

"Кейіннен вирус бірнеше адамнан анықталды. Олардың арасында Георгий Жуков та бар. Ол үзіліс кезінде жоғары температураға байланысты ойыннан шықты. Алайда кездесуге дейін қазақстандықтың тест нәтижесі теріс болған" , - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің со-промоутері Эдди Хирннің коронавирусқа тапсырған тестінің оң нәтиже көрсеткенін жазған едік.

Айта кетейік, туриндік "Ювентус" клубында доп тебетін Даниель Ругани мен Блюз Матюдидің де қауіпті індетті жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Олардың қатарына қос футболшының әріптесі әрі Аргентина құрамасының шабуылшысы Дибала да қосылды.

Пауло Instagram желісіндегі парақшасында коронавирус инфекциясына шалдыққанын растап, демеу болған барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Cонымен қатар "Милан" клубының аты аңызға айналған ойыншысы Паоло Мальдини мен оның ұлы Даниэль де коронавирс жұқтырған. Бұл ақпаратты италиялық клуб ресми сайтында растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877883-futboldan-kazakstan-lttyk-kramasyny-ojynsysynan-koronavirus-anyktaldy.html