RU

Сатира театрының директоры теріс ағымның жетегінде кеткен әртістерді қалай оңалтқанын айтты

Жанарыс Еңсепов пен Нұрлыбек Жұбатқан
Фото: Нұрлыбек Жұбатқанның Facebook парақшасынан

Белгілі сатира театрының директоры теріс ағымның жетегіндегі әртістерді қалай оңалтқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұрлыбек Жұбатқанның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Сатира театрының директоры 2007 жылы әртістеріне дауа іздеп халыққа "Қыдыр ата" атанып кеткен халық емшісі Жанарыс Еңсеповке барған.

"2007 жылы Қыдыр атаға баруға тура келді. Мен емес, театр науқасқа ұшырады. Олай дейтінім сахнада ән салып, өнер көрсетіп жүрген кейбір қыз-жігіттер ойламаған жерден теріс ағымның жетегіне еріп, домбыра көрсе шошитын болды. Тым жақсы таланттар көз алдымда жоғалып барады. Содан таң атпай кезекке тұрып, Қыдыр атаның қабылдауына келдім", – дейді театр директоры.

Бұл жерге эстрада жұлдыздары мен саясаттың сарбаздары да жиі келіп бата алады екен.

Нұрлыбек Жұбатқан адасқан бір топ әртістерді емшінің жеке қабылдауына әрең көндіріп апарғанын айтады.

"Екі сағат қазақ ұлтының қасиеттері туралы керемет әңгімелер қозғады. Саналарына әбден сіңдіріп тастаған небір құйтырқы сұрақтарына шеберлікпен жауап берді. Бір аптадан соң, таланттарына дақ түсе бастағандар түзеліп қайта қатарға қосылды.
Міне, осы кездесуден кейін жақсы таныс болып кеттік. Қазір, өкінішке орай "Қыдыр ата" өмірде жоқ. Бірақ, оның рухы мәңгі тірі", – дейді театр директоры.

Еске сала кетейік, жақында отандық танымал актер Әділ Ахметовтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мәдениет басқармасының бұйрығымен Жастар театрының директоры болып тағайындылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ бұған дейін пандемияға қарамастан Дубайға демалуға кеткен жұлдыздар жайлы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877894-satira-teatryny-direktory-teris-agymny-zeteginde-ketken-rtisterdi-kalaj-oaltkanyn-ajtty.html