RU

Тоқаев Эмонали Рахмонға қоңырау шалып, туған күнімен құттықтады

Тоқаев пен Рахмон
Фото: Sputnik Қазақстан

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы президент Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Германияның біріккеніне 30 жыл толуына орай ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және ГФР Федералдық Канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Сонымен қатар президент Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген болатын.

Бұл туралы мемлекет басшысы twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877903-tokaev-emonali-rahmonga-koyrau-salyp-tugan-knimen-kttyktady.html