Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық ақпараттар технологиялық университетінің бұрынғы ректоры 8 жылға сотталды

Опубликовано:

Дамир Шыныбеков ХАТУ экс-ректоры
Дамир Шыныбеков. Фото: digital.report

Алматыда Халықаралық ақпараттар технологиялық университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Сотталушы Шыныбеков пен Спабекованың кінәлары толық дәлелденді. Сот Шыныбековты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі", – деді үкімді оқыған Алматыдағы №2 Бостандық ауданы сотының судьясы Теміржан Құдабаев.

Оқу орнының бұрынғы бас бухгалтері Жанайым Спабекова да мүлкін тәркілеумен бірге, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкіміне шағым түсіруге болатыны хабарланды.

Судья үкімді оқыған соң барлық дәлелдердің мұқият зерттелгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған еді.

Ол 1,7 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған. Онымен бірге іс бойынша ЖОО бухгалтериясының басшысы Жанайым Спабекова да айыпталған болатын. Тергеудің пайымдауынша, бұл соманы күдіктілер бірнеше жыл бойы ұрлаған.

Айыптау фактісіне сәйкес, ұрланған қаражат әртүрлі кәсіпорындар арқылы жалған құжаттардың көмегімен шығарылып отырған. Прокурор айыптау актісін оқып, Сапабекованың бірнеше элиталық пәтер мен үш үй, жер автокөлік сатып алып, ЖШС ашқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877904-halykaralyk-akparattar-tehnologialyk-universitetini-bryngy-rektory-8-zylga-sottaldy/

pixel