RU

Иранда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Індет
Көрнекі фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Иранда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 3902 жаңа жағдайы тіркеліп, антирекорд орнатылған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейінгі Иранда антирекорд 22 қыркүйекте тіркелген. Ол кезде коронавирусты жұқтырғандар саны 3712 адамға жеткен еді.

Сонымен қатар ведомствоның ресми сайты соңғы бір тәулікте Иранда COVID-19 жұқтырған 235 науқастың қайтыс болғаны туралы айтқан Ларидің сөзін келтірді.

Осылайша, жалпы Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 475 674-ке, қайтыс болғандар саны 271 92 адамға жетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі сонымен қатар 392 мыңнан астам адамның COVID-19-дан жазылғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Иранның денсаулық сақтау министрлігі 29 тамыз күні үш айда алғаш рет тәулігіне коронавирус жұқтырғандар санының 2 мыңға жетпегенін хабарлаған еді. Соңғы рет мұндай жағдай 26 мамыр күні болған.

Дегенмен мұндай статистика бірнеше күн бойы ғана тіркеліп, 7 қыркүйектен бастап CОVID-19 жұқтырғандар саны қайтадан 2 мыңнан, ал 18 қыркүйекте алғаш рет маусым айының басынан бері 3 мыңнан асқан.

Жалпы Иранда наурыздың аяғында-сәуірдің басында COVID-19 инфекциясының алғашқы толқыны өтті. Содан кейін мамыр айының басында елде ауру жұқтырудың мыңнан аз жағдайды тіркеді, кейін көрсеткіш нашарлай бастады.

Маусымның басында инфекцияны жұқтырудың жаңа рекорды орнатылды, ол наурыз айының көрсеткішінен асып түсті, ал шілде айында бұл антирекорд бірнеше рет жаңартылды. Сонымен қатар, өлім-жітім саны екі таңбалы көрсеткіштен үш таңбалы көрсеткішке дейін айтарлықтай өсті.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте жалпы 59 адамнан коронавирус анықталған.

Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, cоңғы тәулікте коронавирусты жұқтырудың бір ғана жағдайы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877916-iranda-bir-tulikte-covid-19-zktyrgandar-sany-rekordtyk-krsetkiske-zetti.html