Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта әйел адам шаянның етін жеймін деп көз жұмды

Опубликовано:

Шаян
Көрнекі фото: pixabay.com

Пхукетте жергілікті тұрғын шаянның қуырылған етін жеймін деп, уланып қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

64 жастағы Сомджай Кингвонгсаның айтуынша, жексенбі күні таңертең ол өзінің 46 жастағы қызы Вантхана Футчомен бірге аралдың солтүстігіндегі мангр тоғайына ұлуларды жинауға барған.

Сондай-ақ олар таға тәріздес үш семсерқұйрық шаян ұстаған. Вантхана соның біреуін қуырып, жеп қойған. Алайда көп ұзамай ол өзін нашар сезіне бастаған.

Әйел бас ауруына шағымданып, аяғын баса алмай қалған.

Ал ауруханаға бара жатқан жолда оның жағдайы күрт нашарлапты. Сол себепті анасы шұғыл жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Олар келіп жеткен кезде әйел ес-түссіз болған. Дәрігерлер Вантхананың өмірін сақтап қалуға барынша тырысқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

Патологоанатом әйелдің өліміне шаян етінен улануы себеп болғанын көрсеткен.

Теңіз фаунасының маманы Сон Вонгсала басылымға мангр шаянының еті улы болуы мүмкін екенін және оны жеуге болмайтынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда отбасы белгісіз затпен уланған еді. Алдын ала ақпарат бойынша, уланудан біраз уақыт бұрын әйел үйді жәндіктерге қарсы затпен тазалаған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында екі жасөспірім мен үш бала белгісіз тағамнан уланып қалған болатын. Соның салдарынан 2019 жылғы нәресте көз жұмды.

Тағы екі бала жансақтау бөліміне түсті. Олардың ағзаларына белгісіз улы зат зиянын тигізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1877920-tailandta-jel-teiz-saanyny-etin-zep-kajtys-boldy/

pixel