RU

Бішкекте сайлау қорытындысына көңілі толмағандар Ақ үйді қоршап алды

Қырғызстандағы наразылық
Фото: Sputnik Қырғызстан

Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына көңілі толмаған бір топ адам Ақ үйге шабуылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақ үйдің айналасын күш құрылымдарының қызметкерлері қоршап алған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, митинг қатысушыларының арасында спиртті ішімдік ішкен адамдар да бар, сондықтан полицейлер халықты үйді-үйіне тарауға шақырған.

"Халықтың денсаулығына қауіп төндіретін немесе басқа да деструктивті жағдайлар туындаса, бүкіл жауапкершілік митингті ұйымдастырғандарға артылатынын еске саламыз. Ұйымдастырушылардың арасында бірнеше партияның лидерлері мен олардың белсенді мүшелері бар. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, олардың мазасын алмас үшін наразылық білдірушілерді тарауға шақырамыз", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, кеше, 4 қазанда сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877933-biskekte-sajlau-korytyndysyna-kili-tolmagandar-ak-jdi-korsap-aldy.html