RU

Ер адам Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақта төбелес шығарды

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласының көлік полициясы 43 жастағы жолаушыға әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам бірден әкімшілік кодексті үш рет бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен, оған темекі өнімдерін және (немесе) электронды темекіні әуе кемесінің бортында пайдаланды, алкогольдік ішімдіктер ішті немесе мас күйінде қоғамдық орындарда пайда болды деген айып тағылды.

Көлік полициясы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Калижан Кобландиннің айтуынша, құқық бұзушыға 55 АЕК көлемінде (152 790 теңге) айыппұл салынған.

3 қазанда Scat әуекомпаниясының өкілінен Ақтау-Нұр-Сұлтан рейсі жолаушыларының бірі алкогольдік мас күйінде болғандығы туралы хабарлама елорданың әуежайындағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жіберілгені белгілі болды. Ұсталған адам әуе кемесінің салонында темекі шеккен, бейәдеп сөздер жаудырып, содан кейін әуекомпания қызметкерлерімен төбелескен.

Ұшып келгеннен кейін ол қосымша тергеу үшін көлік полициясына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға қолданылатын талаптарды тізіп берді.

Cонымен қатар, Алексей Цой қазақстандықтардың карантиндік-санитарлық талаптарды сақтамауы қатаң карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін екенін жеткізді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1877935-er-adam-nr-sltanga-syp-bara-zatkan-sakta-tbeles-sygardy.html