Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда наразы топ экс-президент Атамбаевты шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Алмазбек Атамбаев12
Фото: Sputnik / Алексей Никольский

Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған қол жеткізу Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен келіссөз жүргізгеннен кейін мүмкін болған деп жазады РИА Новости.

Экс-президентті МҰҚК ғимаратынан алып шыққаннан кейін, наразы халық оны қоршап алып "Атамбаев" деп айқайлаған.

Sputnik Қырғызстан Telegram-арнасының мәліметінше, Атамбаев наразы топ өз бақылауына алған Ала-Тоо алаңына келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Қырғызстанның экс-президенті өткен жылдың жазынан бері қамауда отыр. Биылғы жылдың маусымында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған 16 партия қатысқан болатын.

Азаттық мәліметінше, нәтижесінде парламентке өту үшін қажетті дауыс мөлшерін төрт партия ғана жинай алған. Олар "Биримдик", "Мекеним Кыргызстан", "Кыргызстан" және "Бутун Кыргызстан" партиясы.

Жаңа құрылған билік партиясы – "Биримдик" 24,5 пайыз дауыс алса, "Мекеним Кыргызстан" - 23,88, "Кыргызстан" 8,76 пайыз дауыс жинаған.

Оппозициядан жалғыз "Бүтүн Кыргызстан" партиясы ғана 7,13 пайыз дауыспен межеден өте алған. Додаға түскен қалған 12 партия парламентке өтпей қалған.

Алайда сайлау нәтижесіне көңілі толмаған қырғызстандықтар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Соңғы мәліметтер бойынша шерушілердің полициямен қақтығысынан 120-дан аса адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1877945-kyrgyzstanda-narazy-top-eks-prezident-atambaevty-sygaryp-aldy-video/

pixel