Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары өмірден өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары Ажар Керешқызы Ілиясова 90 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Суыт хабар туралы Әміржан Қосанов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Әлем әдебиетінің классигі Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды. "Қан мен тер" романын оқыған, оқымаған барша ағайынға естіртіп жатқаным.
Ұлы жазушының өмірлік серігі, музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер еді.

Дастарханынан талай дәм татып едік.

Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын! Атамыз аман болсын! Жақында ғана ауруханадан шыққан ол кісіге қиын болып жатыр-ау", - деді ол.

Айта кетейік, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов өткен жылдың қазан айында 95 жасқа толғанын хабарлаған болатынбыз.

Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой иесін қабылдап, "Алтын жұлдыз" белгісін табыстаған еді.

"Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", – деген болатын президент.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Ажар Керешқызының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері, марқұм Бейсен Құранбектің әкесі Абай Құранбеков дүние салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877953-zazusy-bdizmil-nrpejisovty-zary-mirden-tti/

pixel