Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті етіп тағайындау ұсынылды

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Фото: Sputnik Қырғызстан

Экс-депутат Садыр Жапаровқа Қырғызстан президенті болып тағайындалу ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстандық наразылық білдірушілері әлі "Ала-Тоо" алаңында. 24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, наразылық білдірушілердің алдына экс-депутат Садыр Жапаров шыққан.

Оның жақтастары оны қошеметпен қарсы алған. Садыр Жапаров елдің болашағын қалай көретінін айтты. Оның сөзінше, парламент бір палаталы болады.

Экс-депутат сөз сөйлеп болғаннан кейін мінберден Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау туралы ұсыныс жасалды.

Айта кетейік, Бішкекте 6 қазанға қараған түні жаппай митингтер басталды. Наразылық білдірушілер парламенттік сайлауды жоюға шақырды. Олар сайлау нәтижелерінің күшін жоя алды.

Қазір ол жерде халық сақшылары ұйымдастырылып жатыр. Қалада құқық қорғау органдарының өкілдері жоқ.

Шерушілер Алмазбек Атамбаев, Сапар Исаков, Садыр Жапаров, Равшан Дженбеков сынды бұрынғы шенеуніктерді қамаудан босатқан.

Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің бір бөлігі бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты босату үшін Молдовановка ауылындағы №27 колонияға барғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия сайлауының нәтижелеріне наразы болған халық Ақ үйге басып кіргенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы мәліметтерге сәйкес жалпы наразылық акциясынан 100-ден аса адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1877973-sadyr-zaparovty-kyrgyzstan-prezidenti-etip-tagajyndau-synyldy/

pixel