Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған Дональд Трамп ауруханадан шықты

Опубликовано:

АҚШ
Фото: peopletalk.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ көшбасшы орталық ғимараттан маска тағып шыққан. Ол журналистердің Ақ үйде өзімен бірге қанша адамның ауырып қалғаны туралы сұрақтарына жауап бермеген.

"Барлығыңызға көп рақмет", - деп Трамп тікұшақпен резиденциясына аттанған.

Әуе көлігі президенттің баспасөз қызметінің журналистері жиналған Ақ үйдің оңтүстік көгалына қонған. Трамп олармен амандасқанымен, алайда сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тоқтамаған.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан.

Кейінірек Дональд Трамп Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасаған.

"Мен қауіптің бар екенін білемін, бірақ бәрі жақсы. Қазір жағдайым бұрынғыдан да жақсы. Мүмкін иммунитетім бар шығар. Оған (вирусқа) сіздің өміріңізде үстемдік етуіге мүмкіндік бермеңіз, сыртқа шығып тұрыңыз, сақ болыңыз, бізде әлемдегі ең жақсы дәрі-дәрмектер бар... және жақында вакциналар болады.

Бір нәрсе анық. Одан (коронавирустан) қорықпаңыз. Сіз оны жеңесіз, бізде ең жақсы медициналық құрал-жабдықтар, ең жақсы дәрі-дәрмектер бар - барлығы жақында жасалған", - дейді АҚШ көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамптың коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877975-donald-tramp-auruhanadan-sykty/

pixel